Размер шрифта:

Ж.М. Имангалиева 8 сынып оқушыларына оқу бағдарламасы бойынша оқылатын әдеби шығармалардан «Кітап - өмір ұстазы» тақырыбында БУКТРЕЙЛЕР (BOOK TRAILER) жасады

https://www.facebook.com/100026309617635/videos/706368293583485/

Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу- әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен өткізіліп жатқан «ХХІ ғасыр - сауатты ұрпақ ғасыры!» оқу сауаттылығы апталығының үшінші күнінде, Балқаш қаласы жалпы білім беретін №5 орта мектебінің, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, Ж.М. Имангалиева 8 сынып оқушыларына оқу бағдарламасы бойынша оқылатын әдеби шығармалардан «Кітап - өмір ұстазы» тақырыбында БУКТРЕЙЛЕР (BOOK TRAILER) жасады.
Буктрейлер (book trailer) - белгілі бір кітап туралы көркем түрде әңгімелейтін қысқа бейнеролик. Буктрейлерге М. Дулатовтың «Бақытсыз Жамал» романы, Б. Момышұлының «Ұшқан ұя» повесі , Д. Исабековтің «Әпке» драмасы , Т. Ахтановтың «Күй аңызы» әңгімесі алынды. Оқу бағдарламасы бойынша авторлар туралы қысқаша мәліметтер беріліп, шығармалардың оқиға желісі мен мазмұнына түсініктер берілді. Ұлы ғұлама ғалымдардың кітап , білім туралы қанатты сөздері енгізілді. Бұл қысқа бейнеролик арқылы оқушылардың шығарманың толық нұсқасын оқуға құштарлықтары артары сөзсіз.
Дата: 22.01.2021, 12:07 Автор: №5 ОМ