"Ой мен ойын" атты мұғалімдер арасында онлайн сайыс өтті

“Оқу сауаттылығы” апталығының аясында, 2021-ші жылдың 21-ші қаңтар күні “Ой мен ойын” атты мұғалімдер арасында онлайн сайыс өтті. Ұйымдастырушы мұғалімдер: Қабду М.А., Какенова А. Т.
Аталған іс-шараға мектептің жас мамандары ат салысты. Ойынға қатысушылар сұрақтың тақырыбы мен ұпайын таңдады.
Сайыс жалпы 3 кезеңнен тұрды. Бірінші кезеңде қатысушылар Қазақстан Республикасының тарихына байланысты сұрақтарға жауап берді; екінші кезеңде ұстаздар оқулықтар мен оқу әдістемелік кешеннің құрылымы бойынша сұрақтар қойылды; үшінші кезеңде әдіс-тәсілдер бойынша сұрақтарға жауап берді. Бұл сайыста Боранова Ақгүлім,Қайп Арайлым, Мусина Айым, Алпамысқызы Толқын белсенділік танытты.
Дата: 22.01.2021, 9:27 Автор: №5 ОМ