Он саусағынан өнер тамған шебе

Он саусағынан өнер тамған шебе
Биыл 2020-2021 оқу жылында Қарағанды облысы білім беру ұйымдарында «Өнегелі өмір» атты жетістік пен табысқа жеткен адамдармен кездесу жобасы оқу-тәрбие үдерісіне енгізілді. Жетістік пен табысқа жеткен тұлғалардың іс-тәжірибесімен,бейнесімен танысу арқылы жас ұрпаққа патриоттық тәрбие беру және кәсіби бағдарлау.
Жобаға басқа аймақтарда жүрсе де туған жерлеріне қызмет етіп жүрген зиялы қауым өкілдері, ғалымдар, педагогикалық еңбек ардагерлері, ақындар, жазушылар, өнер қайраткерлері, кәсіпкерлер қатыстырылады. Осы орайда 20 қаңтар күні ZOOM платформасы арқылы Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында орындалу керек міндеттердің бірі «Туған жер» бағдарламасын жүзеге асыру аясында Балқаш қаласының дамуына зор үлес қосқан азаматтардың табысқа жету тарихына мән беру арқылы ұлтымыздың алтын қорына енуге лайықты жерлестерімізді көпшілікке таныту мақсатында Жаксибекова Асем Сабитовнаның ұйымдастыруымен 7 А,Ә сынып оқушыларымен суретші-гобеленші, ағаш шебері, ҚР суретшілер одағының мүшесі, «Балқаш қаласының Құрметті азаматы» Әбеуов Өміркелді Мұхтарұлымен кездесу өткізілді.Кездесу барысында суретші туған жеріне деген ыстық сезімге толы«Қоңырат туралы ән», «Таң», «Жаңа дәуір», «Бейбітшілік келешек үшін», «Ертең жұма», «Дала туралы баллада», «Металлургтер», «Молшылық», «Уақыт – өмір айнасы», «Ұядан ұшқанда» және т.б. туындыларын оқушылар назарына ұсынды.Оқушылар кездесу қонағына өздерінің дайындаған сұрақтарын қойды.Өміркелді Мұхтарұлы өзінің габеленнен жасаған туындыларын көрсетті. Әр жұмысының мағынасын түсіндіріп, қандай мақсатта жасағанын айтты. Сұхбат соңында оқушыларға өзінің кеңесін айтты. Уақытты құр босқа өткізбей, сүйікті іспен айналысуға кеңес берді.
Дата: 22.01.2021, 8:54 Автор: №5 ОМ