Размер шрифта:

“Ертегілер әлемі” атты онлайн квест-ойыны өтті

“Ертегілер әлемі” атты онлайн квест-ойыны өтті
“Оқу сауаттылығы” апталығының аясында, 2021-ші жылдың 20-шы қаңтар күні “Ертегілер әлемі” атты онлайн квест-ойыны өтті. Ұйымдастырушы мұғалімдер: Шаймерден А. М., Жақсыбекова А. С., Какенова А. Т.
Аталған іс-шараға 5 “А”, 5 “Ә”, 5 “Б” сынып оқушылары қатысты. Өткізілген іс-шараның басты мақсаты: бірлескен командалар құру арқылы оқушыларды ұйымшылдыққа баулу, кітап оқуға деген қызығушылықтарын арттыру.
Квест жалпы 3 кезеңнен тұрды. Бірінші кезеңде қатысушылар тест сұрақтарына жауап берді; екінші кезеңде сурет бойынша ертегінің атауын тауып, атады; үшінші кезеңде қысқаша видео-роликті көре отырып, ертегінің атауын, оның жағымды, жағымсыз кейіпкерлерін айтты. Бұл ойында Жангалиев Ерасыл, Әділетқызы Айым, Жақсыбекова Аяулым, Берлібай Айару, Тлеулесов Ислам атты оқушылар белсенділік танытты. Квест-ойында ең көп ұпай жинаған Әділетқызы Айым-үздік деп танылды.
Дата: 22.01.2021, 8:48 Автор: №5 ОМ