10-сынып оқушыларымен «XXI ғасыр-сауатты ұрпақ ғасыры» тақырыбында эссе байқауы өткізілді

10-сынып оқушыларымен  «XXI ғасыр-сауатты ұрпақ ғасыры»  тақырыбында эссе байқауы өткізілді
Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының жоспарына сәйкес 2021 жылдың 19 қаңтары күні "XXI ғасыр-сауатты ұрпақ ғасыры" оқу сауаттылығы апталығына орай қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Адамбаева Б.Т –ның ұйымдастыруымен 10-сынып оқушыларымен «XXI ғасыр-сауатты ұрпақ ғасыры» тақырыбында эссе байқауы өткізілді.
Мақсаты: оқушылардың орфографиялық сауаттылық деңгейін арттыру, сөздік қорын байыту; сауаттылық –заман талабы, жарқын болашаққа бастар жол екенін сезіндіру.
Оқушылар өз эсселерінде қазіргі әлем жоғары қарқынмен дамып жатқанда сауаттылықтың маңызы мен өздерінің болашақтағы жоспарларымен, елінің дамуына қосар үлестерімен бөлісті. «Тегінде адам баласы бір-бірінен ақыл, білім, ар мінез деген нәрселермен озады» - деп ұлы ақын Абай Құнанбаев айтқандай қазіргі заман- тек білім мен ғылымның ғана заманы.
Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының жоспарына сәйкес 2021 жылдың 19 қаңтары күні "XXI ғасыр-сауатты ұрпақ ғасыры" оқу сауаттылығы апталығына орай қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Адамбаева Б.Т –ның ұйымдастыруымен 11-сынып оқушыларымен «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» тақырыбында оқу сауаттылығына бағытталған тест жұмысы өткізілді.
Мақсаты: оқушылардың функционалдық сауаттылықтарын қалыптастыру негізінде оқушылардың білім деңгейлерін көтеру; оқушылардың ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Соңында оқушылардың нәтижелері тексеріліп, бағаланып, қорытынды жасалды.
Дата: 22.01.2021, 8:45 Автор: №5 ОМ