Дені сау адам - табиғаттың ең қымбат жемісі
Салауатты өмір салтын ұстану – өмірдің мәні. “Дені сау адам - табиғаттың ең қымбат жемісі” деп тегін айтылмаған. Шаңғы спортынан жаттығулар ашық аспан астында,таза ауада өтетін болғандықтан адамның денсаулығына өте пайдалы. «№5 жалпы білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде дене тәрбиесі жүйесіндегі қысқы спорттық жарыстар оқушылар арасында санитарлық талаптарды сақтай отырып өткізіліп тұрады. Осы орайда мектептің дене тәрбиесі мұғалімі Ағылшын Бидос Жандосұлының ұйымдастыруымен 9 сынып оқушылары арасында шаңғы жарысы өткізілді.
Дата: 19.01.2021, 15:33 Автор: №5 ОМ