7 А сыныбында Зум платформасында «XXI ғасыр –сауатты ұрпақ ғасыры» атты сынып сағаты өтті.

 7 А сыныбында Зум платформасында «XXI ғасыр –сауатты ұрпақ ғасыры» атты сынып сағаты өтті.
«Тегінде, адам баласы адам баласынан ақыл, білім, ар, мінез деген қасиеттермен озады» деген ұлы ақын Абай сөзі барлық уақытта өз мәнін жойған емес. Озық ойлы білімдар адамдар заманның, қоғамның дамуына, өзгеруіне өз үлесін қосады. Осындай қоғамдық, әлеуметтік, мәдени өзгерістер, дамулар мектептің оқыту процесіне әсер етеді. Жан-жақты терең білім беру мақсатында көптеген технологиялар ұсынылуда. Кез- келген оқыту белгілі мөлшерде адамды дамытады. Оқушылардың оқу сауаттылығын дамыту мақсатында мектебімізде түрді іс-шаралар өтуде.
Оқу сауаттылығы апталығы аясында 7 А сыныбында Зум платормасында «XXI ғасыр –сауатты ұрпақ ғасыры» атты сынып сағаты өтті. Мақсаты:
Оқушылардың функционалдық сауаттылықтарын қалыптастыру негізінде гуманитарлық пәндердің мүмкіндіктерін анықтай отырып, оқушылардың танымдық қызығушылығын, жеке, шығармашылық қабілеттерін дамыту. Міндеттер:
оқушылардың тіл, әдебиет сабағына деген қызығушылықтарын дамыту;
орфографиялық сауаттылық деңгейін арттыру;
оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру;
оқушылардың сөздік қорын байыту;
оқушылардың коммуникативті дағдыларын дамыту;
отбасылық кітап оқу дәстүрін жандандырып, жетілдіру.
Оқушылар сынып сағатына белсенді қатысып отырды. Сынып жетекшінің сұрақтарына жауап беріп, функционалдық сауаттылық жөнінде өз ойларын білдіріп отырды. Бір-біріне кеңес беріп, сауатты ұрпақ болу үшін өздерінің қандай болу керек жөнінде тлқыға түсті.
Дата: 19.01.2021, 15:16 Автор: №5 ОМ