Директор сағаты
09.01.2021 ж күні сағат 13.00-де «ZOOM» платформасында «Біздің мектепте қашықтықтан оқыту қалай ұйымдастырылады?» тақырыбында ата-аналармен директор сағаты өткізілді.
Күн тәртібінде:
1. «Қашықтан оқытуды ұйымдастыру».
2. Қашықтықтан оқудағы ата –ананың міндеттерін түсіндіру
3. І жарты жылдықтағы білім сапасының қорытындысы және атқарылған жұмыстар туралы
4. «Ұлттық бірыңғай тестілеу ережелерімен таныстыру және дайындық жұмыстары туралы.
5.ІІІ тоқсанға дайындық жұмыстары және өзгерістер туралы.
Жиналыс барысында «Қашықтықтан оқудағы ата –ананың міндеттері» туралы айтылып, осыған байланысты арнайы дайындалған жадынамамен таныстырып, ата-аналардың пікірі тыңдалды.Мектеп басшысы ата-аналарға І жарты жылдықтағы білім сапасының қорытындысын және атқарылған жұмыстар туралы таныстыра келе, ІІ тоқсанды 506 оқушымен аяқтап 1- 11 сыныптар бойынша 48 үздік, 144 озат оқушы тоқсанды аяқтағаны туралы хабардар етті.Биылғы жылғы ҰБТ-ға баратын оқушылардың дайындықтары және қаңтар айындағы тапсырылатын (ҰБТ) тестке баратын оқушыларға ата-аналардың қолдау көрсету керектігі ерекше айтылды.
ІІІ тоқсанға сабақ бастауға мектептің толығымен дайын екендігі айтылып, сабақ кестесі және кезекшілік кестесі жасалынып бекітілгендігі туралы хабардар етілді.Жиналыс соңында ата-аналар кері байланысқа шыға отырып,тиісті жауаптарын алды.