Тапқыр болсаң, озып көр

Тапқыр болсаң, озып көр
Қысқы каникул кезінде, яғни 8-ші қаңтар күні, 5 “Ә” сыныбының қатысуымен “Тапқыр болсаң, озып көр” атты онлайн форматта интеллектуалды ойын өтті.
Бұл іс-шараның басты мақсаты: ойы жүйрік, танымдық деңгейі жоғары, интеллектуалды озық ойлы оқушылардың дарынын ашу, зеректік қабілетін дамыту; өз ойын дәл, тез, жүйелі жеткізе білуге дағдыландыру болды.
Оқушылар интеллектуалды ойынға өте белсенді қатысты. Әділетқызы Айым, Асылбекова Алина, Берлібай Айару, Хайдар Жанель, Елубай Мадияр есімді оқушылар бірнеше сұрақтарға дұрыс жауап беріп, көзге көрінді. Оқушылар өз ойларын тез және тиянақты жеткізе отырып, өз зеректіктерін танытты.
Дата: 9.01.2021, 10:45 Автор: №5 ОМ