Размер шрифта:

5 Ә мен 5 Б сыныптарында Какенова А.Т. мен Жаксыбекова А.С. ұйымдастырумен «Прагматизм және рационализм» тақырыбында дәріс жүргізді

5 Ә мен 5 Б сыныптарында Какенова А.Т. мен Жаксыбекова А.С. ұйымдастырумен «Прагматизм және рационализм» тақырыбында дәріс жүргізді
Прагматизм – бұл өскен аулыңа, қалаң мен өңіріңе, яғни туған жеріңе деген сүйіспеншіліктен басталады екенін оқушыларға түсіндірілді. Оқушыларға осы ұғымдар жөнінде мағлұмат беріліп, соңынан сұрақтар қойылды. Оқушылар дәріске белсенді қатысып, өз ойларын айтып отырды.Кез келген бастаманың қалай жасалатындығына емес, нәтижесіне көп мән береді. Мұны Елбасы сөзімен былай жеткізуге болады: «Қазіргі қоғамда шынайы мәдениеттің белгісі – орынсыз сән-салтанат емес. Керісінше, ұстамдылық, қанағатшылдық пен қарапайымдылық, үнемшілдік пен орынды пайдалану көргенділікті көрсетеді».
Прагматик тұлға үйренуден жалықпайды, зейін-түйсігін тәрбиелеумен болады. Кез келген істі ақылға салып, ұтымды жолын ойластырады. Қолда бар ресурсты жұмсауда минимализм мен табыс тауып жетістікке жетуде максимализм қатар көрініс табатын тұлға шынайы прагматик десек болады.
Дата: 20.12.2020, 10:37 Автор: №5 ОМ