16 желтоқсан Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай ұйымдастырылған іс-шаралар ақпары

16 желтоқсан Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай ұйымдастырылған   іс-шаралар ақпары

ЖББ №5 орта мектебінде 4-15.12 күндері аралығында балалардың бойында Қазақстанның өткені мен бүгінгі өмірін салыстыра отырып, өз еліміздің даму тарихы туралы танымдарын қалыптастыру мақсатында 16 желтоқсан Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған іс-шаралар жоспары құрылып таныстырылды. Мектеп фасадына «16 Желтоқсан Қазақсатан Республикасының Тәуелсіздік күні» арналған банер ілінді. «Тәуелсіздік – мемлекетіміздің басты құндылығы»атты ақпараттық стенд қойылып оқушыларға таныстырылды. Мектеп кітапханасында «Менің Қазақстаным – менің жерім!» тақырыбында кітап көрмесі қойылды. 11.12.2020ж күні Отанды сүюге, ел байлығын қорғауға, болашақ Отанымыз Қазақстанды өркендетуге білімді адамдар керек екенін ұғындыру; еліміздің тәуелсіздік алғалы 30 жыл ішіндегі жеткен жетістіктерімізбен таныстыру; бүгінгі Тәуелсіздікке қалай қол жеткенін зерделеу, оларды Отаны үшін отқа түсетін ел жанды, ел Азаматы етіп тәрбиелеу мақсатында Балқаш қаласының тарихи мұражайының аға ғылыми қызметкері Қожақов Даулет Асылханұлының қатысуымен мектеп мұражайында кездесу өткізілді. Кездесуде Даулет Асылханұлы оқушыларға ұлан байтақ теңіздей Қазақ тарихының басынан кешкендері туралы түсіндіріп өтті. Оқушылар бірнеше сұрақтар қойып жүйелі жауаптарын алды. 1-9 сынып оқушылары арасында ZOOM платформасында «Елімнің еркіндігі-Тәуелсіздік» атты ән байқауы өткізілді.Барлық сыныптарда «Тәуелсіз Қазақстан – бейбітшілік, жақсылық пен келісім елі» тақырыбында тәрбие сағаттары өткізілді. Әрбір өткізілген іс-шара қорытындыланып әлеуметтік желілерге жүктелдіп отырды.

Дата: 20.12.2020, 9:03 Автор: №5 ОМ