14 желтоқсан күні 4 «ә» сыныбында Тәуелсіздік күніне орай «Жасампаздыққа толы жылдар» тақырыбында тәрбие сағаты өтті.
Тәрбие сағатының мақсаты:
Білімділік: Оқушыларды Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерімен, тарихымен, ел ордамыз Нұр-Сұлтан қаласымен таныстыру. Еліміздің атақты ақындары, ғалымдары, ағартушылары жайында, желтоқсан құрбандары жайлы мәлімет беру.
Дамытушылық: Оқушылардың дүниетанымын кеңейту, тіл байлығын, логикалық ойлау қабілетін дамыту.
Тәрбиелік. Болашаққа өз үлесін қоса білетін, ізденімпаз ұрпақ етіп тәрбиелеу. Патриоттық, эстетикалық тәрбие беру.
Тәрбие сағатының басында ҚР Гимні орындалып, мұғалімнің кіріспе сөзінен басталды. Сабақ барысында оқушылар тәуелсіздікті алу жолында ата-бабаларымыздың еңбегі жайында әңгімелесіп, желтоқсан құрбандарын бір минут үнсіздікпен еске алды. Отанымыздың тәуелсіздік алғаннан кейін қандай жетістіктерге жеткенін жылдар бойынша тізбектеп шықты. «Тәуелсіздік» сөзіне ассоциация құру арқылы білімдерін жетілдірді.
Сабақтың соңында тақырыпқа байланысты арнайы тапсырылған өлең жолдарын мәнерлеп оқыды.