«Үлкенге құрмет» акциясы аясында кездесу өткізілді

«Үлкенге құрмет» акциясы аясында кездесу өткізілді
«Рухани жаңғыру» жобасын іске асыру бағдарламасы аясында «Шапағат» әкелер мектебі мүшелерінің қатысуымен «Үлкенге - құрмет, кішіге – ізет» тақырыбында жастар арасында патриоттық рухани тәрбие, адамгершілік, сыйластық қасиеттерін баулу мақсатында «Үлкенге құрмет» акциясы аясында кездесу өткізді.
Мақсаты: Оқушыларды жаман әдеттен аулақ болуға, үлкенді сыйлауға, кішіге қамқор болуға үйрету.
Ертеден тағылымы мол қазақ халқымыз "Баланы жастан" деп рухани құндылықтарымызды бала тәрбиелеудің игілігіне жұмсаған. Жас шыбықты жастайынан халық ауыз әдебиетімен суарып, ел үшін ерен еңбек сіңірген тұлғаларды үлгі етіп, ұлтжандылыққа тәрбиелеген.Сонымен қоса отбасындағы қағида - әке-ана құрметі, үлкенді құрметтеу, кішіні ізеттеу. Бала тәрбиесі бесіктен деп ұғынған отбасы әр баланың тәрбиесін, түздегі қылығын қадағалап отырған. Өйткені, тәрбиелі адам - тағалы атпен тең деген. Ата- анаға деген сыйластықтың негізінде бала көкейінде "Үлкенді сен сыйласаң, кіші сені сыйлайды,кіші сені сыйласа, кісі сені сыйлайды" деген халық даналығы қалыптасқан. Жастар біздің қоғамның негізгі тірегі болғандықтан тәрбие беріп, дәріптеу біздің басты міндетіміз.
Дата: 7.12.2020, 14:32 Автор: №5 ОМ