«Жануарлар әлемінде»

«Жануарлар әлемінде»

Өткізу күні: 16.11.2020ж

Сынып:4 «Ә»

Сынып сағатының тақырыбы:«Жануарлар әлемінде»

 

Сынып сағатының мақсаты:

  • Оқушылардың жануарлар жөнінде алған түсініктерін кеңейту, жануарлардың табиғатқа және адамға келтіретін пайдасын ескере отырып жануарлар әлемін қорғау бүкіл адамзаттың парызы екенін түсіндіру.
  • Жануарлар , олардың тіршілігі, мекен ортасы, пайдасы туралы танымдық қабілеттерін , ой-өрістерін , дүниетанымдық көзқарастарын дамыту.
  • Табиғатты, қоршаған ортаны , жан-жануарларды қорғай білуге тәрбиелеу.

                                                              
Бүгін, 16 қараша - «Танымдық экология», «Жануарлар әлемінде» тақырыбында  4 сынып оқушыларына сынып сағаты өтті. Сабақта, жануарлар — табиғаттың бір бөлшегі екендігі, олардың 6 тобы бар екендігі түсіндірілді.  Әр жануар тобына мысалдар келтіріп, жануарлар әлеміне саяхатқа шықты. Оқушылар  бойында  табиғатқа, тірі табиғатқа: өсімдік, жануарларға  деген сүйспеншілігін  арттыруда, оларды қорғай білуге түрлі тапсырмалар  орындалды.

Дата: 16.11.2020, 12:30 Автор: №5 ОМ