14.11.2020 күнгі ата-аналармен өткізілген директор сағаты ақпары
Күн тәртібінде:
1. ІІ тоқсандағы қашықтықтан оқыту жағдайында оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру және 5 сынып оқушыларының офлайн негізінде білім алуға көшуі. Мектеп директоры А.Т.Абдуалиева
2. Оқытудың штаттық режимінде санитарлық талаптарды сақтау.
3. Оқушылардың демалыс кезіндегі мінез-құлық ережесі мен техникалық қауіпсіздігі бойынша нұсқаулықпен таныстыру (Киберқауіпсіздік, күн суытқан уақыттағы мұздан және жол қауіпсіздігін сақтау. Қоғамдық орындардағы мәдени ескерткіштерді бүлдірмеу т.б) Шакижанова А.К
І мәселе бойынша ата-аналар жиналысын мектеп директоры Абдуалиева Айна Тлеккабыловна ашып,жиналысқа қатысушыларды күн тәртібінде қаралатын мәселелермен таныстыра отырып І тоқсан бойынша мектеп оқушыларының білім сапасы қорытыныдысы туралы есеп берді және ІІ тоқсандағы қашықтықтан оқыту жағдайында оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру және 5 сынып оқушыларының офлайн негізінде білім алуға көшетіндігі туралы айтылып , оқытудың штаттық режимінде санитарлық талаптарды сақтау керектігі туралы түсіндіріп өтті. Ата-аналарға кезекші сыныптарда оқытуды ұйымдастыру , оқушылардың оқу күнін ұйымдастыру бойынша ұсыныстар айтылып, мектеп формасына қойылатын талаптар түсіндірілді.
3ші мәселе бойынша оқушылардың демалыс кезіндегі мінез-құлық ережесі мен техникалық қауіпсіздігі бойынша нұсқаулықпен таныстырылды онда киберқауіпсіздік, күн суытқан уақыттағы оқушылардың көлге бармауын қадағалау және жол қауіпсіздігін сақтау,қоғамдық орындардағы мәдени ескерткіштерді бүлдірмеу т.б туралы ерекше айтылды.
Жиналыс соңында ата-аналардың сұрақтары тыңдалып, тиесілі жауаптар берілді.
Дата: 16.11.2020, 10:39 Автор: №5 ОМ