«Өнегелі өмір» жобасы
03.10.2020ж күні ZOOM платформасында «Өнегелі өмір» жобасы аясында ел дамуына зор үлес қосқан азаматтардың табысқа жету тарихына мән беру арқылы ұлтымыздың алтын қорына енуге лайықты жерлестерімізді көпшілікке таныту мақсатында «Ақыныңды еркелет» атты жергілікті ақындармен кездесу өткізілді. Кездесуге жергілікті Балқаш өңірі газетінің бас редакторы «Хат» кітабының авторы Қуаныш Аманқұлов Сағынтайұлы , «Самғау», «Үкілі үміт», «Құс жолы» кітабының авторы жазушылар одағының мүшесі Жанболат Башарұлы, ақын, сазгер, журналист Қуандық Саденов Мақсұтұлы , Бұқар жырау, Т.Айбергенов, Н.Мәукенұлы атындағы сыйлықтардың иегері, ақын Ілияс Мұқай қатысты. Қатысқан ақындар өз еңбек жолдарымен ,шығармашылықтары туралы ойларымен бөлісті. Ақындыққа жаны құмар мектеп оқушылары ақын ағаларына бірнеше сұрақтар қойып , жүйелі жауаптарын алды.Кездесу соңында мектебіміздің 10А сынып оқушысы облыстық «Абай оқулары»байқауының бас жүлдегері Русланқызы Баян Абай Құнанбайұлының «Өлсем ,орным қара жер сыз болмай ма?» өлеңін оқуымен аяқтады.