«Адал Ұрпақ» бағдарламасы. Адал болу деген не?, бөлімі бойынша, «Сақтансаң, сақ боларсың!» тақырыбында сынып сағаты
Балқаш қаласының ЖББ №5 орта мектебінің 8 «А» сыныбында Ж.М.Имангалиева тәрбие тұжырымдасының «Сақтансаң, сақ боларсың!», тақырыбында , 19 қазан- Құтқарушы күні мерекесіне арналған танымдық сағатын өткізді. Мақсаты: Оқушыларға құтқарушылар күні мерекесі туралы ақпараттар беру, патриоттық сезімі қалыптасқан жан-жақты мәдениетті, талғамы биік, салауатты, құқықтық мәдениеті жоғары саналы ұрпақ тәрбиелеу. Оқушының бойындағы көшбасшылық қасиеттерін, дарындылығын дамытуға жағдай туғызу.
Мұғалім танымдық сағатының кіріспе бөлімінде, 1995 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік комитеті құрылғандығы, ссы құжат негізінде 19 қазан- Құтқарушылар күні болып белгіленгені туралы айтып өтті.
Қазақстан тәуелсіздік алғанға дейін елімізде кәсіби апаттық-құтқару қызметі болмаған еді. Адамдарды, қоғамды апаттық жағдайдан құтқару жұмыстарын көбіне қоғамдық ұйымдар, құтқару бекеттері атқарып келді. Бұл қызметтің бір бөлігі полицияға жүктелді. Осындай мемлекеттік маңызы бар қызмет жүйесін жасау үшін еліміздегі атқарылып жатқан шараларға, статистикаға тоқталып өтті. Таныдық сағатында оқушылар ақын-жазушылардың нақыл сөздерін оқып, мағынасын ашып, ой бөлісті. Соңында, батыр, халық қаһарманы Б.Момышұлының «Батырлық – тәуекел мен адалдық есебінен шығуға тиіс. Тәуекел кейде ақылды да ақтап алады. Ал, ақылсыз тәуекел ешкімді де ақтай алмайды»,- деген сөзімен қорытындыланды.
Дата: 21.10.2020, 12:06 Автор: №5 ОМ