Размер шрифта:

«Рухани келісім тұғыры» атты сынып сағаты

«Рухани келісім тұғыры» атты сынып сағаты

Сынып сағатының басты мақсаты – біздің ұлттымызға тән  үлкенді сыйлау, отбасына құр­мет, балаларға  қамқорлық, қонақжайлылық, татулық, достық, ауызбіршілік тәрізді ізгі ортақ құндылықтар берік орнығуына ықпал ету. Халқымыздың татулығы мен бірлігі – еліміздің өркендеп, алға басуына себеп болады. Осы байлығымызды қадірлей білу, оны жас ұрпақтың жүрегіне ұялату – еліміздің жарқын болашағының кепілі.

15 қазан күні 5 “Ә” сыныбында “Рухани келісім” күніне байланысты сынып сағаты өткізілді.Сынып сағаты онлайн түрде, Зум-платформасында өтті. Өткізілген сынып сағатының барысында “Рухани келісім тұғыры” атты деректі фильм оқушылар назарына ұсынылды. Фильмнен соң, оның мазмұны туралы пікір алмасу жүзеге асты. Оқушылар соңында тақырыпқа байланысты өз түйіндерін жасады.

Дата: 16.10.2020, 10:16 Автор: №5 ОМ