«Қыздар гигенасы»
«Жалпы білім беретін №5 орта мектебі» КММ-де 9 қазан күні сағат 17.00-де бүкіл әлемдегі қыздардың теңсіздік және әлеуметтік мәселелеріне назар аударту,олардың ішінде білім алу, толыққанды тамақтану, медициналық қызмет алу, кемсітушіліктен, зорлық-зомбылықтан қорғау, бала кезінен мәжбүрлеп некеге тұрғызудан қорғау, қыздар кездесетін мәселелердің шешу жолдарын табу, сондай-ақ олардың құқықтарын қорғау мен мүмкіндіктерін кеңейту маңыздылығы туралы ескерту мақсатында «Қыз болашағы – ел болашағы» тақырыбында отбасы сағаты өткізілді.Отбасы сағатында мектептің тәрбие ісінің орынбасары Шакижанова Алма Коныспаевна ,мектеп психологы Надирбекова Саягуль Балтабековна мектеп медбикесі Жазибекова Саягул Саменовна «Қыздар гигенасы», «Қыз балаларға көрсетілетін зорлық –зомбылықтың алдын алу» және «Ғаламторға тәуелділіктің алдын алу» бойынша ақпараттар ұсынды. Қатысқан ата-аналар сұрақтар қойып, жүйелі жауаптарын алды.