«Жердегі өмірдің пайда болуы»

 «Жердегі өмірдің пайда болуы»

Адамзаттың табиғатсыз күні жоқ,
Мұны айтуға табиғаттың тілі жоқ
Өткізілген сынып сағатының басты мақсаты оқушыларда табиғатқа деген сүйіспеншілік, жанашырлық сезімдерін ояту болды. Оқушылардың санасында табиғатты қорғау, қастерлеу, ластамау секілді ойларды қалыптастыру мақсатында видео-материалдар көрсетіліп, түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

5 қазан күні 5 “Ә” сыныбында откізілген сынып сағатында «Табиғат – әдемі әлем». «Жердегі өмірдің пайда болуы» - тақырыптары қозғалды. Сынып сағаты онлайн түрде, Зум-платформасында өтті. Оқушылар өз ойларымен бөлісіп, белсенділік танытты. Сынып сағатының аяғында тақырыпқа байланысты өз түйіндерін жасады.

Дата: 5.10.2020, 14:33 Автор: №5 ОМ