Размер шрифта:

Сынып сағаты ««Өмір сүр, Жер!»

Сынып сағаты ««Өмір сүр, Жер!»

ЖЖБ №5 орта мектебі   «Өмір сүр, Жер!» тақырыбында  5 А  сыныбында      (онлайн ZOOM арқылы) сынып сағаты  өткізілді. 

 Мақсаты оқушылардың қоршаған ортаны,табиғатты қорғауға, жерін сүюге, мейірімділікке, ізгілікке тәрбиелеу, табиғат - анаға сүйіспеншілікпен қарауға жетелеу; шығармашылық қабілеттерін, жақсылық жасай білу іскерліктерін, ойлау қабілетін дамыту, өз ойын еркін жеткізе білуге дағдыландыру.

  Сынып  сағатында оқушыларға Жер ана, табиғат, қоршаған  ортаны  аялау,қоқыс қалдықтарынан тазарту, ауаны ластамау, суды үнемдеу  туралы бірқатар мағлұматтар берілді. Іс-шара барысында Жер туралы слайд, Қазақстанның көрікті  жерлері туралы видеоматериал көрсетілді. Іс шарамызды табиғат,туған жер туралы сұрақтар қойып, «Жалғасын тап»  ойынынымен қорытындыладық.  

Дата: 29.09.2020, 15:59 Автор: №5 ОМ