«Өмір сүр, Жер!» атты сынып сағаты

«Өмір сүр, Жер!» атты сынып сағаты

Жер ананың бойындағы табиғат байлықтары жер бетінде бүкіл адамға ортақ қазына екенін естен шығармауымыз керек. Сондықтан,біз,жеріміздің тамаша табиғатын сүйе білу,қорғай білу,қастерлей білу-бәріміздің борышымыз.

28 қыркүйек күні 5 Б сыныбында «Өмір сүр, Жер!» атты сынып сағаты өтті. Сынып сағатының мақсаты: оқушылардың  қоршаған ортаға деген махаббат құндылықтары жайлы түсініктерін кеңейту, табиғатты сүюді, қорғауды, табиғат - Анаға сүйіспеншілікпен қарауды үйрету. Сынып сағаты барысында оқушылар мақал-мәтелдер айтып, табиғатпен сырласқандай болды.Барлық оқушылар  табиғатта болып жатқан мәселелерді қалай шешу жөнінде өз ойларымен бөлісті.

Дата: 29.09.2020, 12:44 Автор: №5 ОМ