"Мен табиғатты танып білемін", "Су-сен өмірсің" атты тәрбие сағаты өтті.

28 қыркүйек күні 2 Ә сыныбында "Мен табиғатты танып білемін", "Су-сен өмірсің" атты тәрбие сағаты өтті.Тәрбие сағатының мақсаты оқушыларға судың табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы туралы түсіндіру.Жергілікті су айдындарымен таныстыру.Суды үнемдеп пайдалануға және судың барлық ерекшеліктері туралы сипаттап айту.
Оқушылар сабақ барысында су, судың қасиеттері туралы меңгере отырып, тәжірибе жасады.Оқушылар судың түссіз, дәмсіз, иіссіз екенің біледі.Тәжірибие барысында суды сүтпен,шырынмен араластырып судың түсінің өзгеретінін байқады.Судың ерігіштік қасиеті бар екенін де білді.Су туралы мақал-мәтел айтып,суды қалай қорғау керек екендігі жөнінде өз ойларымен бөлісті
Дата: 28.09.2020, 13:30 Автор: №5 ОМ