"Қашықтықтан оқыту кезінде балаға қалай көмектесуге болады?" тақырыбында ата-аналар жиналысын өткізді.
ЖББ 5 орта мектебінде 25 қыркүйек күні Zoom-платформасы арқылы мектеп директоры Абдуалиева Айна Тлеккабыловна 1-11 сынып оқушыларының ата-аналарымен "Қашықтықтан оқыту кезінде балаға қалай көмектесуге болады?" тақырыбында ата-аналар жиналысын өткізді. Жиналыс барысында қашықтан оқыту кезінде балаға қалай көмектесуге болатындығы туралы айтылып,ата - аналардың басты мақсаты-балаға жауапкершілікті түсінуге көмектесу және қашықтан оқу дағдыларын меңгеру үшін барынша қолайлы жағдай жасау керектігі түсіндірілді. Жиналыс соңында мектеп психологы Надирбекова Саягуль Балтабековна онлайн жүйеде оқыту барысында оқушылардың ғаламторға тәуелділік болмаудың алдын алу және ата – анаға тәуелділік деңгейін анықтау барысында жүргізілетін әдістемелік, психологиялық көмек берді.