"Қашықтықтан оқыту форматында ұйымдастырылған оқу қызметтерін оқу-әдістемелік кешен арқылы жүзеге асыру"

25 қыркүйек күні мектебіміздің мектепалды даярлық тобының тәрбиешісі Мукашбекова Сайрангул Саркытбаевна «Бірге оқимыз» облыстық жоба Workshopқа қатысып қашықтықтан оқыту форматында ұйымдастырылған оқу қызметтерін оқу- әдістемелік кешен арқылы қалай жүзеге асыру жөнінде өз тәжірибеммен бөлісті.
Қашықтан оқыту бұл- ақпарат құралдары және ғылыми негізделген тәсілдер арқылы білім алу формасы. Қашықтықтан оқытудың негізгі мақсаты: балалардың экраннан көргенін барынша шынайы қабылдауға бейімдеу, яғни баланың көруі, түсінуі, қайталауы, бағалауы. Мектепалды даярлық тәрбиеленушілерін қашықтан оқыту аудиториясы – балалар және ата-аналар. Осы қашықтан оқыту форматын мектебіміздің мектепалды даярлық тәрбиеленушілерінің жас ерекшеліктерін ескере отырып, ата-анамен, баламен байланыс орнатудың ыңғайлы тәсілі синхронды, асинхронды стриминг оқу- әдістемелік кешен арқылы жүзеге асырып және санитарлық қауіпсіздік шараларын сақтай отырып кезекші топтар бойынша жұмыс жүргізілуде. - мектеп жасына дейінгі балаларда коммуникативтік, танымдық, шығармашылық біліктер мен дағдыларды, әлеуметтендіруді қалыптастыру мен дамыту; 
- тәрбиелеу-білім беру процесіне қауіпсіз білім беру ортасын құру; 
- тәрбиеленушілердің мектепте оқуына табысты дайындығы үшін тең бастапқы мүмкіндіктерді құру; 
- «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру аясында ұлттық дәстүрлер мен жалпы адамзаттық құндылықтарға негізделген рухани-адамгершілік дағдыларын қалыптастыру.
Білім ордамызда тәрбиеші мен бала арасындағы байланыс ретінде негізінен «Білімал» электронды журналы бойынша тапсырмаларды жүктеп, тәрбиеленушілер web.edumark қосымшасы арқылы тапсырмаларды орындайды және Zoom, Instagram платформалары және кері байланыс ретінде Whats App,Телеграмм мессенджерін қолданамыз. Жалпы мектепке дейінгі бағдарлама таным және қатынас, әлеумет, шығармашылық, денсаулық салалары бойынша оқулық көмектеріне сүйене отырып, оқулықты ресурс ретінде пайдаланып, алдыларындағы материалдармен тиімді жұмыс жасауда.
 
    
 
 
  
 
 
 
Дата: 25.09.2020, 14:30 Автор: №5 ОМ