9 «А», «Ә» сыныптарымен 5 қыркүйек – «Қазақстан Халқы тілдері күні» апталығына орай, «Мәңгілік ел-мәңгілік тіл» тақырыбында конференция өткізді

9 «А», «Ә» сыныптарымен  5 қыркүйек – «Қазақстан Халқы тілдері күні» апталығына  орай, «Мәңгілік ел-мәңгілік тіл» тақырыбында конференция өткізді
08 .09.20. Балқаш қаласы жалпы білім беретін №5 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі,  Ж.М.Имангалиеваның ұйымдастыруымен 9 «А», «Ә» сыныптарымен  5 қыркүйек – «Қазақстан Халқы тілдері күні» апталығына  орай, «Мәңгілік ел-мәңгілік тіл» тақырыбында конференция өткізді. Мақсаты:Оқушыларға өз ана тілінің құдіреттілігін сезіндіру. Тілдің адам өмірі үшін мәні айырықша екенін ұғындыру. Тіл туралы тағылымдар арқылы оқушыларды адамгершілік қасиеттерге баулу, азаматтық бейнелерін қалыптастыру, тілімізді сүюге, көздің қарашығындай қорғауға шақыру, еліміздің елдігін танытатын тілі мен өнері екенін саналарына сіңіру. Конференция мұғалімнің кіріспе сөзімен басталды. 2017 жылдың 31 қазанындағы «Қазақстан Республикасында мереке күндер тізбесін бекіту туралы» № 689 ҚР Үкіметінің қаулысымен 5 қыркүйек – «Қазақстан Халқы тілдері күні» болып бекітілді. Қазақстан Халқы тілдері күнінің 22 қыркүйектен осы күнге ауыстырылуының үлкен мәні бар. Себебі, 5 қыркүйек – Ұлт ұстазы атанған Ахмет Байтұрсынұлының туған күні.  Осыған сәйкес елімізде 5 қыркүйек күні Қазақстан халқы тілдері күні  мерекеленетіні айтылып өтті. Екінші бөлімінде,  9  сынып оқушылары  Касенова Алина, Арсланова Аружан,  Есімхан Зере, Болатбекқызы  Айгерім  жарыссөздерге шықты.Оқушылар  туған тілдің абыройын асқақтату - әрбір адамзаттың абзал борышы екенін айта отырып,  қоғамдық көліктерде, аялдамада, мәдени орындарда өз тілін шұбарлап, өзге тілде сөйлесетін жастардың  әрекетеріне мысалдар келтіріп өтті. Біздің барша ұлттық келбетіміз бен болмысымызды, салт -санамыз бен дініміз осы ұлттық мәдениет пен тілімізде жатқандығына тоқталды. Тәуелсіз елдің елдің  ұландарының  парасатты да білімді, іскер де қабілетті, отансүйгіш те ұлтжанды тұлға болып қалыптасуына  мемлекеттік тілдің атқаратын қызметі орасан зор екені туралы айтылған ойлары қуантарлық...
Соңынан  ақын  Қадыр Мырзалиевтың  «Тілім менің» атты өлеңі оқылды.  Адамды жұбататын да, ақыл беретін де, күш-қуат беретін де, ой-сана беретін де осы сөз. Ана тілін ұмытқан адам өз өткенін де, болашағынан да қол үзеді. Міне, осындай даналық сөздер бізге тіл арқылы жетті емес пе?!«Тілден асқан байлық жоқ», байлықтың барлығы күндердің күнінде сарқылады, тозады. Халықпен бірге жасайтын тіл байлығы екенін ұмытпайық!, -деп қорытындыланды.
Дата: 9.09.2020, 14:46 Автор: №5 ОМ