Размер шрифта:

1 қыркүйек Білім күні және 2020-2021 оқу жылының басталуына арналған іс-шаралар ақпары

1 қыркүйек  Білім күні  және  2020-2021 оқу жылының  басталуына арналған  іс-шаралар ақпары
«Жалпы білім беретін №5 орта мектебі»КММ-де 1-11 сыныптарда  офлайн  және онлайн  форматында   оқушылардың оқуға және өз денсаулығына құндылықты қарым-қатынасын қалыптастыру, адам құндылықтарын ,құқықтарын білуге, өзін-өзі ұйымдастыруға дағдыландыру,Туған жеріне, Отанына , мектебіне, ұстаздарына, ата-аналарына деген сүйіспеншілік, ризашылық сезімін дамыту мақсатында  өткізілді. Кезекші 1-4 сыныптарда өткен сынып сағаттарында сынып жетекшілер оқушыларды білім күнімен құттықтап, оқушыларға жаңа оқу жылына сәттілік тіледі. Сынып сағаты  Абай Құнанбайұлының 175 жылдығана арналып «Абай -дара, Абай-дана»  тақырыбын қамтыды.
Ал қашықтан оқылатын сыныптар үшін сынып сағаттары қолжетімді құрылғылар мен байланыс құралдары арқылы ұйымдастырылып, өткізілді.   Мектеп басшылығы , сынып жетекшілер мен оқушылар және  ата-аналарыбілім күнін өткізудің форматы мен санитарлық қауіпсіздік шаралар туралы алдын -ала жеткізіп, ұйымдастыру шараларын жүргізді.
Дата: 1.09.2020, 16:37 Автор: №5 ОМ