Размер шрифта:

«Жаңа оқу жылында балаларды оқыту туралы» тақырыбында өткізілген жалпы республикалық ата-аналар жиналысы ақпары

«Жаңа оқу жылында балаларды оқыту туралы» тақырыбында өткізілген жалпы республикалық ата-аналар жиналысы  ақпары

2020 жылдың 20 тамызы күні   сағат 18.00-де«Балқаш қаласы жалпы білім беретін №5 орта мектебі»КММ-де  коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеуге байланысты карантиндік шаралар жағдайында жаңа 2020-2021 оқу жылындағы оқытудың ерекшеліктері туралы ата-аналарды  хабардар ету мақсатында мектептің 1-11 сынып оқушыларының ата-аналарымен  «Жаңа оқу жылында балаларды оқыту туралы» жалпы республикалық ата-аналар жиналысы өткізілді.Жиналыстың  күн тәртібінде жаңа оқу жылындағы оқу форматтары, оқытудың штаттық режимінде санитарлық талаптарды сақтау, қашықтан оқыту процесі жүргізілетін білім беру интернет-платформасымен танысу, оқу жылында білім алушыларды бағалау жүйесі, баланың оқу режимі және демалысы және  интернеттегі балалардың жұмысын ата-ана бақылауы ережелері   сұрақтары  аясында  өткізілді. Ата-аналарға кезекші сыныптарда оқытуды ұйымдастыру , оқушылардың оқу күнін  ұйымдастыру бойынша  ұсыныстар айтылып, мектеп формасына қойылатын талаптар түсіндірілді.Ата-аналар балалардың денсаулығын сақтау үшін  жаттығулар жасатуға, демалу үшін үзілістерге және оқу уақытын ұтымды пайдалануға назар аударуы керек  ерекше айтылды.

Дата: 21.08.2020, 10:06 Автор: №5 ОМ