Әбу Насыр әл-Фараби 1150 жыл
Күллі түркі жұртының мақтанышы, «мұғалім сәни» (екінші ұстаз) атанған ғалым-философ Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдық (870-2020) мерейтойы аясында мектебімізде іс-шаралар жоспары құрылып,мектептің бірінші қабатында «2020 жылы ұлы ойшыл, шығыстың Аристотелі атанған, атақты Әбу Насыр Мұхамед ибн Тархан ибн Узлаг әл-Фарабидің туғанына 1150 жыл» тақырыбында ақпарттық стенд және мектеп кітапханасында кітап көрмесі қойылды.6-11 сынып оқушыларына Ақаева К.К,Балпыкова Н.Ш жетекшілігімен «Мен таныған Әл Фараби»атты саптық жиын өткізілді. 7,8,9 сыныптарда математика, физика,информатика пәндерінен Сламбекова М.Ш, Рымкешев С.Р, Мұқаметжан Т.Д ұйымдастырумен сабақтан тыс іс-шаралар өткізілді.
Дата: 20.01.2020, 13:29 Автор: №5 ОМ