Размер шрифта:

Абай Құнанбайұлының 175 жылдығы қарсаңында «Абай - руханияттың алтын қазығы» жобасы аясында «Жүрегімнің түбіне терең бойла» атты қалалық сайыс өтті.

Абай Құнанбайұлының 175 жылдығы қарсаңында «Абай  - руханияттың алтын қазығы» жобасы аясында «Жүрегімнің түбіне терең бойла» атты қалалық сайыс өтті.

   Балқаш қаласында 2019 жылдың 27 қарашасында қазақтың ақыны, ойшылы, дана ғұламаларының бірі, қазақ әдебиетінің шоқтығы биік ірі тұлғасы Абай Құнанбайұлының 175 жылдығы қарсаңында«Абай  - руханияттың алтын қазығы»жобасы аясында «Жүрегімнің түбіне терең бойла» аттықалалық сайыс өтті. Сайысқа қала мектептерінен көптеген үміткерлер қатысып, бақтарын сынады. Байқау  келесі бағыттар бойынша жүргізілді:

  1. «Суретті сұлу сөздің атасы»

«Абай жолы» роман-зпопеясынан үзіндіні жатқа оқу

  1. «Даналықтың дара шыңы»

Абай өлеңдерін үш тілде оқу (қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын)

   Әділ қазылар алқасы үміткерлерді дауыс мәнеріне,көркем сөз оқу шеберліктеріне, сахна мәдениетіне қарай бағалады.

  Сайысқа ЖББ №5 мектептен, ұстаздары Адамбаева Бақытгүл Тарыбайқызының жетекшілігімен, 11 «А» сынып оқушысы Әділетұлы Нұрсұлтан мен 9 «А» сынып оқушысы Амелешова Аружан қатысты.

   11 «А» сынып оқушысы Әділетұлы Нұрсұлтан «Абай жолы» роман-зпопеясынан үзіндіні жатқа оқып, көрермендердің көңілінен шығып, жүлделі ІІІ орынды иеленіп, Дипломмен марапатталды.

   «Суретті сұлу сөздің атасы» номинациясы бойынша 9 «А» сынып оқушысы Амелешова Аружан Алғыс хатпен марапатталды.

      Өлді деуге бола ма, ойлаңдаршы, өлмейтұғын артына сөз қалдырған, - деп төрелігін өзі шешкен Абай бүгін жарқын бейнесімен де, жалынды жырымен де біздің санамызда 175 жыл бойы өмір сүріп келеді, мәңгі өмір сүре бермек! Ұлы ақынды ұлықтап жүрер жас ұрпақтың өнерлері өрге жүзіп, қанаттары талмасын!

Дата: 29.11.2019, 8:22 Автор: №5 ОМ