"Күз ханзадасы мен ханшайымы-2019" байқауы өтті
Салауатты бәсекелестікті қалыптастыра отырып , оқушылардың білімділік және тәрбиелік деңгейін арттыру және Ұлы Абайдың 175 жылдығына орай мектебімізде қараша айының 9- ы күні дәстүрлі жыл сайын өтілетін Арайлы алтын күз "Күз ханзадасы мен ханшайымы -2019"байқауы 5-10 сынып аралығында өтті байқау кезінде талапты оқушылар өз өнерінен жақсы әсер қалдырды. Ұлы Абайдың қарасөздері мен өлеңдері жатқа мәнерлі оқылды. байқау қорытындысы бойынша "Күз ханшайымы мен ханзадасы" болып 7 а сынып оқушылары Жұматай Адамбек және Кеңесбай Ақбота , жоғарғы сынып арасында 9 а, ә сыныбынан Русланқызы Баян мен Әлібек Нұрислам марапатталды.
Дата: 13.11.2019, 9:19 Автор: №5 ОМ