"Үлкен жүрек"
27 – ші қыркүйек күні «Өзін – өзі тану» пәнінің мұғалімі : Кунарбекова К. М. жетекшілігімен 7-9 сынып оқушылары «Ақ жүрек» көмекке мұқтаж жандарға қамқорлық акциясын жасады. Бұл акцияның мақсаты балалардың бойындағы қамқорлық, қайырымдылық, сүйіспеншілік. ізгілі, инабаттылық, ақылдылық, әдептілік қасиеттерін ояту. Мейірімділік қасиеттерін одан әрі қалыптастыру. Балалар сол жерге барысымен «Жүрек жылуын» тілектерін айтты. Қайырымға , махаббатқа толы ықыласын ән шашуымен жалғастырды. Өнердің жас қырандары қазақ домбырасын қолға алып, «Тепен көк» күйін тамаша тарту етті. Мектебіміздің «Әуен» тобы «Әке» әнін жоғарғы деңгейде орындады. Сондай – ақ бұл іс – шараға барлық балалар бірігіп шығармашылық жұмыс жасады. Балалар арасында бірлескен қарым – қатынас бірден байқалды. Ермексаздан бір – бірімізге жүрек жылуын, яғни жүрекше жасадық. Балалардың жүздерінен тек мейірім, күлкі көрінді. Мектебіміздің оқушылары өз жағынан мейірімділігін көрсете білді. Өнер көрсеткен оқушылар : 9 а сынып оқушысы : Русланқызы Баян, Аскарова Аяна, Амелешева Аружан, Тлеукабыл Айнара , Қуанышұлы Берікбол және мектебіміздің ең кішкентай бүлдіршіндері 2 «Б» сынып оқушылары Абдибеков Ершат және Болатова Айлан көңілді ән шырқап ортаға бәрімізді көңіл әнімен жадыратты. Көмекке мұқтаж адамдар дән риза болды. Соңында балалар жақсы әсер алып , балалар қолдан жасап әкелген тәтті сыйлықтарын тарту етті. Оқушылар мүмкіндігі шектеулі балалармен келешекте рухани қажеттіліктерді дамытуға қарым – қатынаста болатынын айтты.
