Біз бала еңбегін қанауға «ЖОҚ!» дейміз.
Жыл сайын Балқаш қаласының жалпы білім беретін №5 орта мектебінде Дүниежүзілік балалар еңбегіне қарсы күрес күні аясында 1 - 12 маусым күндері «Балалар еңбегін пайдалануға қарсы 12 күндік күрес» Ұлттық ақпараттық науқаны өткізіліп келеді.
Оның мақсаты – барлық елдегі балалар еңбегінің ең нашар түрлерін жою қозғалысына назар аудару. Балалар еңбегі дегеніміз – балалардың денсаулығына, ақыл – есіне, мінез-құлқына зиян келтіретін немесе білім алуына кедергі келтіретін және үйдегі міндеттермен қоса өздеріне қосымша жұмыстарды жүктеп, отбасынан жекешеленіп басқа жерлерде жүріп істеуге мәжбүрлейтін жұмыс.
Міне осы он екі күндікке байланысты мектеп әлеуметтік педагог тренинг сабақтар өткізді. Оқушылар арасында «Зорлықсыз балалық шақ» атты сауалнама жүргізіліп,қорытындысы бойынша нәтиже шығарды. 1-5 сынып оқушыларына «Адам құқығы-бала құқығы» дөңгелек үстел және 6-9 сынып оқушылары арасында «Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» атты тақырыбында сынып жетекшілерінің ұйымдастыруымен сынып сағаттар өткізілді. 2-6 сынып оқушылары арасында «Әр қашан күн сөнбесін» атты тақырыптарында суреттер сайысы ұйымдастырылды.«Бала құқығы-адам құқығы» он екі күндігі мектеп оқушыларының флеш-мобымен аяқталды. P.S. Кəмелетке толмаған балаларды жұмысқа тарту, олардың еңбегін пайдалану сияқты келеңсіздік біздің ауданымызда тіркелмегені бізді қуантады. Бүгінгі өзекті мəселеге көбіне ата-аналар өздері түрткі болады. Сондықтан да, мүмкіндігіміз барында балаларымызға саялы бəйтерек болып, аялы алақанымызды аямайық.