«Өмірге шырайлы күлкімен»
«Өмірге шырайлы күлкімен» атты қалалық байқау 2019 жылдың 12 сәуір күні Оқушылар Сарайының ұйымдастыруымен қала мектептері арасында көңілді тапқырлар фестивалі өткізілді. Фестиваль мақсаты – жастардың дұрыс қоғамдық пікір қалыптастырып, заманмен қатар даму арқылы өмірде өз орнын таба білуге баулу. Байқауға барлығы 10 команда қатысты. Нәтижесінде, біздің мектебіміздің атынан қатысқан «Нағыз Жастар» командасы 3 орынды иеленді.


Дата: 15.04.2019, 9:34 Автор: №5 ОМ