«Отбасы дауысы» байқауы
12 сәуір күні Қалалық «Жалпы білім беретін №8 орта мектебінде» «Отбасы дауысы» байқауы өткізілді. Байқаудың мақсаты – отбасы құндылықтарын дәріптеу, бәсекелестік рухын қалыптастыру, өнерлі отбасын қолдау болатын. Байқауда сахна мәдениетін сақтауы, өзін – өзі ұстауы, костюмы, қатысушының дауыс диапазоны, шығарманы орындау шеберлігі бағаланды. Байқау соңы қатысушылардың 1,2,3 дәрежелі дипломмен және номинациялармен марапатталды. Біздің мектебіміздің атынан қатысқан 2 «Ә» сыныбының оқушысы Балтабай Тогжан анасымен қатысқан болатын. Нәтижесінде 2 орын иеленді.
Дата: 15.04.2019, 9:23 Автор: №5 ОМ