«Ұлттық ойын – халық мұрасы»

«Ұлттық ойын – халық мұрасы»

    Қалалық «Оқушылар сарайының» ұйымдастыруымен  қалалық мектептер арасында «Ұлттық ойын – халық мұрасы» ұлттық ойындар байқауы өтті. Байқаудың мақсаты – балаларды ұлттық ойын арқылы татулыққа, адамгершілікке баулу, ұлттық ойын арқылы салт – дәстүрлерді сақтай білуге тәрбиелеу. Байқауға қатысушылар 5 кезең бойынша сынға түсті. Нәтижесінде, бас жүлдені №16 мектеп, 1 орын – Абай атындағы №2 лицей, 2 орын - №1 мектеп, №25 мектеп, 3 орынды – Русаков атындағы №2 интернат – мектеп, Саяқ кентінің  № 6 мектебі, № 24 мектеп, және де № 8 мектеп. Біздің мектептің оқушылары белсенді қатысқаны үшін Қалалық ұлттық ойындар насихаттау мақсатында ұйымдастырылған «Ұлттық ойын – халық мұрасы» атты ұлттық ойындар жарысында «Білек күші» номинациясымен «Жалпы білім беретін № 5 орта мектеп» марапатталды.

Дата: 29.03.2019, 10:49 Автор: №5 ОМ