«Қаржылық сауаттылық» тақырыбында өткізілген іс-шаралар ақпары
Он екінші ақпан күні «Қаржылық сауаттылық» апталығының екінші «Шеберлік сағаты» аясында 7А, Ә, 6А, Ә сыныптары мектептің асханасына барып өздерінің ыстық бәліш, тоқаш сияқты әр түрлі дәмді тіскебасарларды дайындау әдістерін үйреніп, өздерінің асханалық шеберліктерін дамытты.
Осы іс-шара барысында біздің мақсатымыз: асхана шеберлігін көрсету мен қонақ үй-мейрамхана бизнесі нарығының қызметінің, жоғарғы декорум, жоғарғы қызмет сервис әлемі қызметшілерінің кәсіби шеберлігіне қызықтыру, түсіндіру.
Мейрамхана бизнесі маркетингінің мәні мен екрекшеліктерін видео роликтерден көрсетіп толықтай мәліметтерді 7А,Ә, 6А,Ә сыныптарына айтып өткіздік. Болашақта «Тамақтану саласын ұйымдастыру» мамандарын даярлау оқу орындарына қызығушылықтарын арттырып, болашақта өздерінің бизнесін ашуына үлес қосамыз.