«Кәусар бұлақ тұнығынан»

«Кәусар бұлақ тұнығынан»

12.02.2019. күні,  Балқаш қаласы ЖББ №5 орта мектебінің  6 «А» сыныбының сынып жетекшісі Ж.М.Имангалиева  «Өзін –өзі тану- Махаббат пен шығармашылық» онкүндігі аясында, «Кәусар бұлақ тұнығынан» тақырыбында  сынып сағаты өтті.

  Мақсаты: Қазақстанның бірінші ханымы , «Бөбек» қайырымдылық қорының президенті , «Өзін- өзі тану пәнінің» авторы С. А. Назарбаева  туралы  мәліметтермен  танысу, аналарды құрметтеуге, сыйлай білуге үйрету,

Оқушылардың  «мейірімділік»,  ананың қоғамдағы, өмірдегі, ұрпақ тәрбиесіндегі орны туралы түсінік беру,«қайырымдылық» құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту, мейірбандылыққа тәрбиелеу.

Міндеттері:

-Әлемдегі барлық жақсылық пен игі істердің ең асыл сезім-ана махаббатынан тарайтындығын түсіндіру;

-Оқушылардың жүрегінде анаға деген сүйіспеншілік, қадір-құрмет сезімдерін дамыту;

 Сынып сағатында  Қазақстанның бірінші ханымы , «Бөбек» қайырымдылық қорының президенті , «Өзін- өзі тану пәнінің» авторы   С.А. Назарбаеваның өмірі мен еңбек жолы, қоғамдағы орны , отбасы мен еңбектері мен  марапаттары   туралы  мағлұматтар айтылып, бейнероликтер көрсетілді.

   Сара Алпысқызы Назарбаеваның жетім, көп балалы отбасына,  және мүмкіндігі шектеулі балалардың құқықтарын қорғау саласында талмай еңбек еткені  туралы айтылды.

   Сынып оқушылары  «Саналы азамат», «Мейірімді жүрек», «Аялы алақан» топтарына бөлініп, аналарға арнап  сыйлық жасады. Топтық жұмыста оқушылар белсенділік танытып, тапсырмаларды тиянақты орындай алды.

Сынып сағатының соңы , Ана өміріміздің жарығы, шаңырағымыздың тірегі.  Оның аяулы алақанының арқасында өніп-өсеміз.  Ана бақыт, ана өмір.«Анасы бар адамдар,  Ешқашан қартаймайды»,  деп қорытынды жасалып,  сабақтан алған әсерлерін жүрекжарды тілектерін жазып, «Тілек ағашына» ілді.

Дата: 13.02.2019, 11:06 Автор: №5 ОМ