«МЕН ОФФЛАЙН»

«МЕН ОФФЛАЙН»

«Бүгінгі таңда балалардың смартфоннан немесе планшеттен алшақтауына келісім бермеуі әр ата-анаға таныс жағдай. «Тағы да 5 минут, сосын болды», «Мен жаңа ғана алдым ғой» сияқты сөздер күнделікті қалыпты құбылысқа айналды. Дүниежүзілік статистика бойынша, халықтың шамамен 50 пайызы қандай да бір әлеуметтік желіде, ал кейбіреулері тіпті бірден барлық әлеуметтік желілерге тіркелген.

Интернетке тәуелділіктің алдын алу, кәмелетке толмағандардың интернеттегі белсенділігін бақылау, ересек интернет-қызметтерді пайдаланушылардың жауапкершілігін, интернет пайдалану мәдениетін арттыру мақсатында мектебімізде 2019 жылғы 27 қаңтар - Халықаралық интернетсіз күніне орай «Мен OFFLINE» республикалық кең ауқымды балалар акциясы өткізлді.

Аталған іс-шара оқушыларды смартфоннан, компьютерден және жаһандық желіден алшақтату, бұл күнді тек қана шынайы әлемде өмір сүруге, жақын адамдармен қарым-қатынас жасауға немесе оны сүйікті хоббиіне арнауға көмектеседі.

Акциямен мектебіміздегі барлық 1-11 сынып оқушылары қамтылды. «Жастар офлайнды қолдайды» тақырыбында Т.Д. Мұқаметжан сап жиынды ашты. 22.01.2019ж. күні мектеп кітапхашысы К.Ш.Махашова мен 6 сынып жектекшісі Т.Т. Мақыш «Ғаламторсыз әлемге кітаппен бірге қадам бас!» атты жаппай кітап оқу күнін өткізді. 4 сынып жетекшісі Т.Д. Албергенова мен Есенгелді Ж. 1-4 сыныптарға арналған «Мен OFFLINE» атты сурет байқауын, Ж.М.Имангалиева мен А.С.Жаксыбекова 5-11 сынып оқушыларына «Мен интернетсіз бір күнді қалай өткіземін?» эссе байқауын ұйымдастырды. Информатика пәні мұғалімі Мұқаметжан Т.Д. «Ғаламторсыз әлемге жоқ деп айта аласызба?» деген тақырыпта интервью алды.

 27 қаңтар күні жаппай күнімізді интернетсіз өткізіп, бір-бірімізге көңіл бөліп, — бұл күнді тек қана «шынайы» әлемде өмір сүріп, жақын адамдармен қарым-қатынас жасап  өткіздік.

Дата: 4.02.2019, 13:28 Автор: №5 ОМ