Do you know English? атты танымдық сайыс
2019 жылдың 18-қаңтарында гуманитарлық бағыттағы пәндер апталығы аясында ағылшын тілі пәнінен Do you know English? атты 6- сыныптар арасында танымдық сайыс өтті. Сайысты ағылшын тілі пәні мұғалімі Асем Сабитовна Жаксыбекова ұйымдастырды. Танымдық сайыстың мақсаты: Оқушыларды ағылшын тіліне деген қызығушылықтарын ояту.Сабақ барысында алған білімдерін көрсету. Оқушылардың жан-жақты болуларына жағдай жасау.Оқушылар арасында топтық жұмысты дамыту.Меңгеріп отырған елдің тілін құрметтеуге тәрбиелеу.Қатысушылар танымдық сайысқа белсенді қатысты. қазақ, орыс, ағылшын тілінде түрлі тапсырмалар орындады.
Дата: 22.01.2019, 15:10 Автор: №5 ОМ