«Қазақстанда Код сағаты»

«Қазақстанда Код сағаты»

3-9 желтоқсан аралығында халықаралық «Компьютерлік ғылымдар апталығы» аясында «Қазақстанда Код сағаты» акциясы болып өтті. Іс-шараға 3-11 сынып оқушылары қатысты. 3-4 сыныптарда сынып сағаттары,  5-11 сыныптарында информатика пәнінен «Қазақстанда Код сағаты» тақырыбында өтті. Барлық оқушылар іс-шараларға белсене қатысып, сертификаттармен марапатталды.

Іс-шараның мақсаты:технологиялар мен программалау ісін барлығы да меңгере алатындығымызға, әр жас жеткіншек немесе тіпті жасы келген адам да өзін программа құрастырушы ретінде сезінуіне және идеясын нөлден бастап жүзеге асыра алуына сенім ұялатып, бүгінгі ең озық технологияны өзі жасауына ынталандыру.

Акцияны ұйымдастырушылар: Халықаралық прогаммалаушылар қоғамдастығы, әр мемлекеттің білім және ғылым министрлігі, жоғары және орта білім ошақтары.

Өткізілген шара түрі: "Код Сағаты" акциясы.

Ең алдымен IT-гуру-де атақты IT компаниялардың бірінші басшылары-әлі жас және келешегі зор индустрияның басымдықтарымен және оның алдағы адам айтқысыз мүмкіндіктерімен таныстырды. Содан кейін әркім өз күштерін екі онлайн-жаттықтырушының біріндегі қызықты тапсырмаларды орындап,  программалау саласында сынап көрді. Ол тапсырмалар hourofcode.kz сайтында жарияланды.

Осы акцияны өткізу кезінде оқытушыларды да көптеген қызықты нәрселер күтіп тұрды! Жоба сайтында педагогтарға қызықты және толыққанды сабақ өткізуге көмектесерлік ең озық әдістемелік жинақталған. Осы жарияланған бүкіл ресейлік конкурс ең шығармашыл және ізденгіш қазақстандық мұғалімдердің де IT-мамандардың жаңа буынын тәрбиелеуге үлес қосқанына, жол ашқанына сенімдімін.

Дата: 12.12.2018, 9:05 Автор: №5 ОМ