Размер шрифта:

«Айгөлек» балалар ән, би байқауы өтті

«Айгөлек» балалар ән, би байқауы өтті

        Қалалық оқушылар сарайының ұйымдастыруымен «Айгөлек» балалар ән, би байқауы  9 – 12.11.2018 күні аралығында жоғары деңгейде өтілді. Сайыс аталғандай екі күнге жалғасты. Біздің мектебіміздің намысын қорғаған 1-сынып оқушысы Абдибеков  Ершат 7-жас ерекшелігімен сахнаға «Тұлпарым» әнін орындап шықты. Сонымен қатар 11-13 жас ерекшелігімен 7 «А» сынып оқушылары Алмат Назерке және Ербол Жансая «Туған жер» әнін жоғарғы деңгейде орындап шықты. Би өнерімен мектебіміздің намысын 11-13 жас ерекшелігімен 4-5 сынып оқушылары «Наз» би тобы қорғап шықты. Нәтижесінде вокалдан Абдибеков Ершат бас жүлдені иеленсе , би өнерінен «Наз» би тобы жүлделі  2-ші орынды иемденіп мектебімізді бір көкке көтеріп тастады.

Дата: 14.11.2018, 8:59 Автор: №5 ОМ