"Жаңартылған бағдарлама- білім берудің жаңа мазмұны" тақырыбында 5-7 сынып ата -аналарымен жиналыс өтті
"Жаңартылған бағдарлама- білім берудің жаңа мазмұны" тақырыбында 5-7 сынып ата -аналарымен жиналыс өтті. Мектеп координаторы Ж.М. Имангалиева Критериалды бағалау жүйесінің мазмұнымен және ерекшеліктерімен таныстырды. Оқушылардың білім деңгейлерінің шкаласын бағаға айналдыру жолдарын атап өтті. Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары А.Н.Ибрайбекова оқушылардың білім деңгейінің дамуына, қызығушылықтарының артуына сенімділік, күш- жігер құндылықтарын қалыптастыру керектігін айтып өтті. Жиналыс барысында Қалыптастырушы, критериалды бағалауға қатысты ата- аналардың көкейінде жүрген сұрақтарға жауап берді.
Дата: 30.10.2018, 15:03 Автор: №5 ОМ