Қазанның 11 жұлдызында «Жыл мұғалімі-2018» мектепішілік байқауының қорытынды кезеңі болып өтті.

Қазанның 11 жұлдызында  «Жыл мұғалімі-2018» мектепішілік байқауының қорытынды кезеңі болып өтті.

       Екі күнге созылған «Жыл мұғалімі-2018" байқауы өз мәресіне жетті.

    Педагогикалық шеберліктің, алдыңғы қатарлы тәжірибенің үлгісі болып саналатын байқау, ұстаз мәртебесін арттыру, талантты педагогтарды қолдау және кәсіби педагогикалық тәжірибенің үздік үлгілерін көрсету мақсатында өткізілген сайысқа биыл бес пән мұғалімі қатысуға ниет білдіріп, олар үш  кезеңнен тұратын сайыстың бақ сынасты.

    Бірінші кезеңінде үміткерлердің өткізген қазақ тілі, ағылшын тілі, жаратылыстану, әдебиеттік оқу, математика пәндері бойынша ашық сабақтары,  екінші бөлім – оқушылармен сыныптан тыс іс-шаралар көрсетті.  Үшінші қорытынды кезеңінде  «Елімнің ертеңі – бүгінгі жас ұрпақтың  қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры – ұстаз қолында»- деп, Елбасымыз айтқандай, жан-жақты шеберліктерін көрсетті.  Нәтижесінде жүлделі  І орынды -Албергенова Толғанай Дауреновна, ІІ орынды – Қайып Айгерім Рахымқызы, ІІІ орынды   Ғазиз Тоғжан мен Рақымжанова Арайлым бөлісті. 

Дата: 12.10.2018, 2:53 Автор: №5 ОМ