Бірігіп көмек көрсетейік
Бірігіп көмек көрсетейік
«Балқаш қаласы жалпы білім беретін №5 орта мектебі» КММ –де 2018 жылдың 1 тамыздан 30 қыркүйекке дейін біздің Республикамызда дәстүрлі «Мектепке жол»қайырымдылық акциясы өткізіледі.
Акцияның мақсаты - жетім және ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балаларға, аз қамсыздандырылған және көп балалы отбасылардан шыққан балаларға мектепке дайындалуға көмек көрсету: оқу-жазу құралдарымен, оқулықтармен, киіммен қамтамасыз ету.
Бұл – әр түрлі себептерге байланысты қиын жағдайға қалған оқушылардың өзін өзгелерден кем сезінбей, қатарластарымен бірге мектепке жақсы көңіл –күймен баруы үшін жасалған шара. Әлеуметтік себептермен оқушылардың мекиепке бармай қалуының алдын алады.
Қаламыздың әр тұрғыны акцияға қатысып, өз жәрдемін ұсына алады. Қала тұрғындарын Республикалық «Мектепке жол» қайырымдылық акциясына қатысуға шақырамыз!
Байланыс телефоны : 8 (71036) 75041
Жазира Төлеген
«Балқаш қаласы жалпы білім беретін
№5 орта мектебі» КММ –нің
әлеуметтік педагогы