Размер шрифта:

«Қауіпсіз жаз» тақырыбында өткен онлайн сабақтың ақпары

«Қауіпсіз жаз» тақырыбында өткен онлайн сабақтың ақпары

     Каникул – бұл балалардың көбі  ересектердің  үнемі бақылауында  болмайтын уақыт. Бұл кезеңде балалар өздерінің көп уақытын далада өткізеді. Сондықтан осы кезеңде ересек балаларға жазғы каникул кезіңдегі жүріс-тұрыс ережелерін еске салу керек.

     22.05.2018 ж. «Қауіпсіз жаз» аясында Қарағанды облысының ТЖ басқармасы жедел-құтқару жасағының қызметкерлерінің қатысуымен 9-11 сынып оқушыларына автожолдардағы, су айдындарындағы, өрт қауіпсіздігі ережелері бойынша онлайн сабақ өткізілді.

     Су қоймаларындағы негізгі тәртіп ережелері және суда болған жағдайда не істеу қажет, сонымен қатар алғашқы көмек көрсету ережелері туралы тыңдаушылар назарына ұсынды.

     Әңгімелесу соңында қызметкерлер қатысушыларға назар аударғандары үшін алғыстарын білдіріп, жазғы каникулды қауіпсіз өткізулеріне тілектес екендіктерін жеткізді.

Дата: 22.05.2018, 12:43 Автор: №5 ОМ