Латын әліпбиіне көшу – қазақ тілінің халықаралық дәрежеге көтерілуі
Мемлекет басшысы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында 2025 жылдан бастап латын әліпбиіне көшуге кірісуіміз керектігін және болашақта барлық саладағы іс-қағаздар мен оқулықтар да осы қаріппен жазылуы тиіс екенін қадап айтты. Сондай-ақ, Үкіметке қазақ тілін латын әліпбиіне көшірудің нақты кестесін жасауды тапсырып, уақыт ұттырмай бұл жұмысты қазірден бастан қолға алу қажеттігін атап өтті.
Демек, көп кешікпей егемен еліміздің латын әліпбиіне көшетіні айқындалды. Ал осы межелі мақсатқа кедергісіз қол жеткізу үшін не істеу керек? Бұл мәселені жан-жақты талқылау мақсатында «Латын әліпбиіне көшу – қазақ тілінің халықаралық дәрежегекөтерілуі» дөңгелек үстел шарасын ұйымдастырылды .
Осыған орай 30.01.18 күні 6«Ә», 6«Ә» сыныптарының арасында «Латын әліпбиіне көшу – қазақ тілінің халықаралық дәрежеге көтерілуі» атты дөңгелек үстел өткізілді. Оған жалпы 35 бала қатысты. Дөңгелек үстелді И.А.Нұрлановна өткізді. Дөңгелек үстел барысында латын әліпбиіне көшуінің жағымды әрі жағымсыз жақтары объективті түрде қарастырылды.