«Желтоқсанда үзілген жауқазындар»
15.12.17 күні 5 А сыныбында «Желтоқсанда үзілген жауқазындар» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.Мақсаты: Елін, жерін құрметтейтін,өз Отанын сүйетін азамат қалыптастыру,от жүректі өжет мінезді ұл-қыздардың ерлік істеріне мәңгі құрмет көрсету, патриоттыққа тәрбиелеу.
Оқушылар Желтоқсан құрбандары туралы деректермен танысып, жаттаған жыр жолдарын оқыды. Желтоқсан құрбандарын еске түсіру үшін бір минут үнсіздік жариялады.Соңынан Ә Тінәлиевтің «Желтоқсан желі» клипін тыңдады, Тәуелсіздіктің оңай жолмен келмегенін түсінді.
Дата: 19.12.2017, 3:37 Автор: №5 ОМ