Размер шрифта:

«Балқаш қаласы жалпы білім беретін №5 орта мектебі» КММ-нің Дүниежүзілік балалар күніне арналған «Бала құқығы –адам құқығы» атты республикалық онкүндік іс –шаралар ақпары

«Балқаш қаласы жалпы білім беретін №5 орта мектебі» КММ-нің Дүниежүзілік балалар күніне арналған «Бала құқығы –адам құқығы» атты республикалық онкүндік іс –шаралар ақпары

 

Мектебімізде 2017 жылдың 20 - 30 қараша аралығында Дүниежүзілік балалар күніне арналған «Бала құқығы –адам құқығы» атты республикалық онкүндік іс –шаралар жоспары бекітіліп, жоспар бойынша іс –шаралар өтті.

Іс –шараның мақсаты:

  • Бала құқығы туралы БҰҰ Конвенциясының негізгі ережелері туралы білім деңгейлерін арттыру;
  • Бала құқығы туралы конвенциясы жайлы баптардан түсінік бере отырып, міндеттері мен жауапкершіліктерін қалыптастыру, таным белсенділігін арттыру, заңдарды талдай отырып, өз беттерімен салыстыра білуге, өмірде қолдана білуге үйрету;
  • Адамгершілік, ізгі қасиеттер мен ар –ождан бостандығына, адалдық пен мейірілімділікке тәрбиелеу. 

Жоспар бойынша:

  • 2017 жылдың 20 қарашасы күні 1-11 сыныптар арасында «Бала құқығы –асыл қазына» атты ашық линейка өтті.
  • 2017 жылдың 21 қарашасы күні 1-11 сыныптар арасында «Өз үйім –өлең төсегім» тақырыбында видеоролик көрсетілді және «Құқық –өмір айнасы» атты тәрбие сағатыөтті.
  • 2017 жылдың 22 қарашасы күні мектеп психологы Назерке Дарханқызы Амантаева 5-8 сыныптар арасында «Бала құқығы» атты тренинг өткізді.
  • 2017 жылдың 23 қарашасы күні 4-11 сыныптар арасында «Сенің құқығың — менің құқығым» атты мектеп инспекторы Қанат Жакипбекұлы Жандыгуловпен кездесу өтті. 
  • 2017 жылдың 24 қарашасы күні директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Алма Қоныспайқызы Шакижанова, әлеуметтік педагог Жазира Манатбекқызы Төлеген және мектеп психологы Назерке Дарханқызы Амантаева 7-11 сынып оқушыларының ата –аналарымен «Ата –ананың өмірге көзқарасы» атты тақырыпта сыр –сұхбат өткізді.
  • 2017 жылдың 27 қарашасы күні 9 «А» сынып оқушыларымен құқық пәні мұғалімі Торғын Төлеуғазықызы Мақыш «Құқық ұғымен біз қалай түсінеміз?» атты танымдық сабақөткізді.
  • 2017 жылдың 28 қарашасы күні тарих пәнінің мұғалімі Алма Қоныспайқызы Шакижанова 5 «Ә» сыныптар арасында «Адам құқығы бала құқығын қорғаудан басталады» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.
  • 2017 жылдың 29 қарашасы күні мектеп психологы Назерке Дарханқызы Амантаева 9-11 сыныптар арасында «Зорлықсыз балалық шақ» атты сауалнама жүргізіліп, қорытындысы бойынша нәтиже шығарды.
Дата: 2.12.2017, 3:51 Автор: №5 ОМ