«Жалпы білім беретін №5 орта мектебі»КММ 1 желтоқсан -Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай өткізілген іс-шаралар

«Жалпы білім беретін №5 орта мектебі»КММ 1 желтоқсан  -Қазақстан Республикасының Тұңғыш  Президенті күніне  орай  өткізілген іс-шаралар

 

Мектебімізде 1 желтоқсан - Қазақстан Республикасының Тұңғыш  Президенті күніне  орай  іс-шаралар  ұйымдастырылып өткізілді.Мектеп ауласында тақырыптық банер ілініп бірінші қабатта  «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті»  тақырыбында ақпараттық  стенд    жасалынды. Мектеп кітапханасында    «Елбасы мәртебесі – ел мәртебесі» тақырыбында  кітап көрмесі ұйымдастырылып оқушыларға таныстырылды.Сынып кабинеттерінде Елбасының  өмірбаяны,еңбектері жайлы сынып бұрыштары безендірілді.  «Еңбекпен бағын ашқан ер!» (елбасының алғашқы еңбек жолы) тақырыбында  3-5 сыныптар арасында әңгіме сағаты өткізілді.4А,Ә сыныптарында  «Елін сүйген,елі сүйген елбасы» тақырыбында  зияткерлік ойын  өткізілді.5-8 сыныптарда «Қазақтың тұңғыш көшбасшысы» атты  шығармалар сайысы  ұйымдастырылды. 10 сыныпта  «Ел басымыз-кемегер,Көші түзу-ел көгерер» тақырыбында  дөңгелек үстел  өткізілді.

Мектептің бірінші қабатында  теле экраннан   «Менің балалық шағымның аспаны» фильмі  көрсетілді.Дене тәрбиесі мұғалімдерінің ұйымдастыруымен
7-10сыныптар  арасында   волейболдан спорттық жарыстар ұйымдастырылып өткізілді.Тұңғыш Президент күніне арналған рухани жаңғырудың негізгі бағыттарын түсіндіру сабағы өткізілді.  7-8 сыныптарда  «Мәңгілік Елдің жеті мызғымас қағидасы», 9-11 сыныптарда  «Рухани жаңғыру» бағдарламасы  тақырыптарында  сынып сағаттары өткізілді.

30 қараша күні  1-11 сыныптардың қатысуымен  «Елін сүйген,елі сүйген елбасы» атты  салтанатты  сап жиын өткізілді.  Сап жиынды мектеп директоры  Абдуалиева Айна Тлеккабыловна  құттықтау сөз сөйлеп ашып берді.Жиынға мектеп  ұстаздар және ардагер ұстаздар шақырылды. Мектеп оқушыларнан құралған   үгіт насихат тобы  Елбасына деген құрметтерін  өлеңмен  жеткізе білді.Сап жиын соңы мектеп  оқушыларының   күшімен әзірленген  концерттік бағдарламасымен   аяқталды. Мектептің 5-6 сынып оқушылары  қалалық мұрағатқа  барып  Елбасы жайында  көптеген мағұлматтар  алып қайтты.1 желтоқсан  -Қазақстан Республикасының Тұңғыш  Президенті күніне  орай   жоспарланған іс-шаралар толығымен  орындалды.

Дата: 2.12.2017, 3:38 Автор: СШ №5